Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Тасқын су астында қалған Түркістан облысы Өргебас аулының тұрғындары үкімет алдын ала ескертпегенін, дер кезінде эвакуация жасамағанын айтады.
Түркістан облысында су алған аймақтағы жүздеген үй мен қора қирап, мыңдаған адам адам үдере көшті. Үйсіз, күйсіз қалған жұрттың кейбірі жергілікті әкімдік дайындаған орындарға жайғасса, бір бөлігі әлі күнге көше мен қыр басында жүр.
Өзбекстанның Сырдария облысында Сардоба су қоймасында бөгет жарылып, Түркістан облысы аумағында бірнеше ауылды су алды. Облыста арнайы штаб құрылып, 5 жарым мың адам қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Азаттық тілшісі су басқан елдімекендердегі жағдайды көріп қайтты.
2 мамырға қараған түні Өзбекстанның Сырдария облысында жарылған Сардоба су қоймасының суы Түркістан облысы аумағына өтіп, кемінде бірнеше ауылды су басқан.
2 мамырға қараған түні Өзбекстанның Сырдария облысында жарылған Сардоба су қоймасының суы Түркістан облысы аумағына өтті.
Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланғаннан кейін Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағына ондаған блокпост қойылған. Онда дәрігер, полицей мен әскерилер өткен-кеткенді тексеріп тұр. Жолда жеңіл көлік азайған, көбіне жүк көліктері кездеседі.
Коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантин кезінде Түркістан облысы Жетісай ауданындағы диқандар еккен капустасын өткізе алмай әлекке түсіп жатыр. Капустаның бағасы арзан, сатып алушы аз. «Капустамыз шіри бастады» деп алаңдаған дихандар үкіметтен көмек сұрайды.
Түркістан облысында диқандар биыл өсірген мыңдаған тонна капустаны коронавирусқа байланысты төтенше жағдай кезінде Ресейге шығара алмай, егістіктегі өнім шіріп, шығынға батқанына шағынады.
Түркістан облысында диқандар биыл өсірген мыңдаған тонна капустаны коронавирусқа байланысты төтенше жағдай кезінде Ресейге шығара алмай, егістіктегі өнім шіріп, шығынға батқанына шағынады. Аймақ әкімдігі егіншілер проблемасын шешуге үкіметтен көмек сұрады.
Шымкентте коронавирус қаупіне байланысты жарияланған карантиннен соң жұмыстан айырылғанын айтқан бірнеше тұрғын көмек сұрап жүр. Олардың сөзінше, үкіметтің 42 500 теңге көмегін, “Нұр Отан” партиясының 50 мың теңге жәрдемін алмаған.
Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жылыжайға помидор, қияр, капуста еккен диқандар карантин салдарынан еңбегіміз зая кете бастады дейді. Бұрын осы уақытта жүздеген жүк көлігі көкөніс артып шығатын ауылдар жым-жырт.
Азаттық тілшісі коронавирус табылып карантинге жабылған Шымкент маңындағы ауылға барып қайтты
Қазақстанның әр өңірінде президент уәде еткен 42 500 теңге көмекті алуға үмітті жұрт банктер мен Қазпошта мекемелеріне барып, карантинге қарамастан кезекке тұрып жатыр. Көбі өтінішті интернет арқылы тапсыра алмағандарын айтады.
Қызылордада оннан астам адам облыстық әкімдік алдына жиналып, әлеуметтік мәселелеріне шағымданды. Азық-түліксіз тұрмыстың қиындағанын айтты.
Шымкент, Қызылорда кәсіпкерлері тұрғындарға тегін маска таратты. Оңтүстік Қазақстан облысының кей азаматтары Өзбекстанға өте алмай, шекарада қалғандарға азық-түлік апарды. Нұр-Сұлтан қаласының еріктілері қалада үй-күйі жоқ жандарға тамақ жеткізді.
Соңғы бір жылда Шымкентте бірнеше рет істі болып, түрмеге қамалған «Лайықты еңбек» кәсіподағының төрағасы Ерлан Балтабай абақтыдан шықты. Ол былтыр жазда «бөтеннің мүлкін заңсыз иемденді» деп, жеті жылға сотталған. Іле-шала президент рақымшылық жасап, жазасы айыппұлға ауысқан.
Биліктегі "Нұр Отан" саяси партиясы 18 наурызда өтетін саяси кеңесінің отырысына дайындалып жатыр. Кей сарапшылар оны "Қазақстанның саяси өміріне монополия орнатты" деп сынайды. Азаттық тілшілері Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Қызылорда тұрғындарының билік партиясы туралы пікірін сұрады.
Қазақстанда қоғам сынына қарамастан елдің оңтүстігінде қыз алып қашу әлі бар. Прокуратураның есебінше, былтыр Қазақстанда 210 қыз алып қашу оқиғасы тіркелген. Оның көбі Түркістан облысында болған. Алып қашуды басынан өткерген түркістандық екі қыз Азаттыққа көрген қиындығын айтып берді.
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде - қала я облыс әкімдіктерінің маңында - арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады.
Тағы