Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Жарылыстан зақымданған Арыс темір жол вокзалы рұқсатсыз жөнделіп жатыр. Ғимарат мемлекет қорғауында болғандықтан оны жөндеуге кірісі үшін Мәдениет министрлігі рұқсат беруі тиіс дейді сәулетші. Ал вокзал басшысы ғимараттың тарихи құндылығына ешқандай зиян келмейтінін айтады.
Арыстағы қару-жарақ қоймасы жарылғанда зақымданған темір жол вокзалы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті сәулетші ғимараттың әуелгі қалпы біржола бұзылады деп қауіптенеді.
Кейбір Арыс тұрғыны жарылыстан зақымданған үй-жайлары әлі жөнделмегенін, я сапасыз жөнделіп жатқанын, үкіметтің 100 мың теңге көмегіне қолы жетпегенін айтады. Әкім комиссия құрылғанын айтып, "негізсіз шағым үшін шара қолданылатынын" ескертеді.
Тамыздың 10-ы күні шымкенттік кәсіподақ белсендісі Ерлан Балтабай және павлодарлық "Версия" газетінің редакторы Ярослав Голышкиннің түрмеден босап шыққаны белгілі болды.
Арыста ондаған тұрғын жарылыстан соң зақымданып, «жарамсыз болып қалған» үйлерін құлатып, жаңа үй салуды талап етеді.
Үкімет тамыздың 1-іне дейін үйлерді қалпына келтіруге уәде берсе де, Арыс қаласында оқ-дәрі қоймаларындағы жарылыстан бүлінген үйлер әлі толық жөнделіп бітпеген. Баспаналары қираған Арыс тұрғындарының жөндеу жұмыстарына қатысты ойы мынадай.
Лондоннан видео жариялап, қоғам сынына ұшыраған Шымкент қаласы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовты қызметінен босатуға байланысты тұрғындар пікірі.
Бір ай бұрын Арыста әскери қойма жарылған кезде бас сауғалағандардың ішінде қалалық перзентханадан қашқан әйелдер де бар.
Арыстағы әскери қойма жарылысы кезінде зардап шеккендердің кейбірі ем-домы аяқталған соң үйіне оралса, кейбірі әлі туыстарын паналап жүр. Қалалық аурухананың бас дәрігері "оларды сауықтыру орындарына жіберу керек" дейді.
Шілденің 17-сі күні Шымкенттегі Еңбекші аудандық соты тәуелсіз кәсіподақ ұйымдарының жетекшісі Ерлан Балтабайды жеті жылға бас бостандығынан айырды.
Жарылыс кезінде қаладан босып, төрт күннен соң Арысқа қайтқан кейбір тұрғындар билікке қапалы. Азаттық сөйлескен кейбір арыстықтар "қабырғасы құлаған үйімді комиссия жөндеуге жарамды деп таныды" дейді.
Шілденің 12-сі күні Нұр-Сұлтан мен Шымкентте көп балалы аналар наразылыққа шығып, әлеуметтік мәселелерін шешіп беруді талап етті. "Шенеуніктердің құрған уәдесінен шаршағанын" айтқан аналар талаптары орындалмайынша кетпейтінін айтты.
11 шілдеде Шымкент тұрғыны Нұржан Мұхаммедов қала әкімдігінің алдында наразылық білдіріп, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың жұмыстан кетуін талап етті.
Астана күні "рұқсат етпеген митинг өткізгені үшін" ұсталған кейбір азаматтар 10-15 тәулікке қамалса, кейбіріне сот айыппұл салды.
Арыста қару-жарақ қоймасы жарылған кезде мерт болған Панабек Есмағамбетовтің жесірі Жұпар Есмағамбетова «үкіметтің салғырттығын» кінәлап, әлеуметтік жәрдем сұрайды.
Әскери қоймадағы жарылыс кезінде Арыстан жаяу қашқан бес баланың анасы Сәуле Қосақова төрт күннен соң отбасымен қалаға қайта оралды. Жарылыстан үй-жайы бүлінбесе де көп балалы отбасы оқиғадан жүректері шайлығып қалғанын, Арыста қалуға қорқатынын айтады.
Жарылыстан соң Арыс тұрғындарының көрші елді мекендерге уақытша орналасып, жоғалған балалардың табылуына көмектескен еріктілер тұрғындарға дер кезінде халық көмектескенін, биліктен көмектің кешігіп жеткенін айтады.
Тағы