Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.
"Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.
Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.
Шымкентте 300-ге жуық ана кездесуге әкімнің келуін талап етті
Шымкентте әкімдердің есеп беру кездесуіне келген көп балалы әйелдер жәрдемақы және жемқорлық мәселесін қозғады. Әкім наурыздан бастап көп балалы аналар қоғамдық көлікте тегін жүретінін айтты.
Қазақстанның бірнеше аймағында жүздеген әйел жергілікті билікке барып, арыздарын айтып жатыр. Ақпанның 11-і күні Қарағандыда жүзге жуық ана облыстық әкімдікке жиналып, билікке талап қойды. Ал Ақтөбеде мемлекеттік мекеме өкілдері көп балалы аналарды қабылдауды бастады.
Қазақстанның бірнеше аймағында жүздеген әйел облыстық әкімдікке барып, билікке талап қойып жатыр.
Астанада аналар жиналып, өздерінің билікке талаптарын қойды. Олармен кездесуге билік тарапынан Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев шықты.
1 ақпан - дүниежүзілік хиджаб күні, бірақ ресми мереке ретінде аталмайды. 2016 жылы Қазақстан мектептерінде хиджап, орамал тағуға тыйым салған.
Түркістандағы Талғат Бигелдинов атындағы мектептің 9-сыныптағы үш оқушысына «әлімжеттік жасаған» қаладағы өзге үш мектептің оқушыларын тергеу басталды.
Түркістан облысында оқушыларға әлімжеттік жасағандар қатысты тергеу басталды. Кәмелет жасына толмаған күдіктілер қамауға алынбаған. 21 қаңтарда интернетте жоғарғы сынып оқушыларының өздерінен кіші екі балаға әлімжеттік жасап жатқаны бейнеленген видео тараған.
Шымкенттегі Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сарыағаш ауданы Абай ауылында "зорланған баланың" ісі бойынша үкім шығарды.
Шымкентке жылына Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және өзге елдерден мыңдаған еңбек мигранты келіп, жұмыс істейді.
Шымкентте төрт жасқа дейінгі балаларға арналған бөбектер үйі жұмыс істейді. Мұнда ата-аналары әртүрлі себеппен уақытша тастап кеткен 4 жасқа дейінгі алпыстан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Арасында жасқа толмаған сәбилер де бар. Азаттық тілшісі ондаған балаға пана болған бөбектер үйіне барып,
"Жалған куәлік етіп, өтірік айтты" деп айыпталған шымкенттік белсенді Сүйін Абулда бес жылға сотталды. Бұған дейін Шымкент қалалық тұрғын үй инспекциясының бұрынғы басшысы Марат Жұманов бір танысын пара беруге мәжбүр болдым деп айыптап, сотқа арызданған.
Шымкенттің Шұбарсу ауылында баспанасыз екі отбасына тұрғындар үй салып беріп, асырап отыр.
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылының тұрғындары асар жасап, тұрмысы төмен екі отбасына үй салып берді.
Шымкент іргесіндегі Ынтымақ-2 шағын ауданының тұрғындары «ауыз су мен қоғамдық көлік жоқ, көшеге асфальт төселмеген, батпақ» деп наразы. Жергілікті әкімдік бұл мәселенің бәрінен хабардар болғанымен, шарасыз екенін айтады.
Шымкентте бюджет есебінен салынып, жетімдер мен мүгедектерге берілген тоғыз қабатты тұрғын үйден ақау шықты. Тұрғындар жел соғып, жауын жауса, шатырдан су ағып, әбігерге түсетіндерін айтады.
Түркістан облысы және Шымкент қаласында ВИЧ жұқтырған кейбір тұрғын бойларында бұл инфекцияның бар екеніне сенбейді
Шымкент қаласында жыл басынан бері төлқұжаты мен жеке бас куәлігі жоқ жүздеген адам анықталған.
Шымкенттегі "Ақжар" ауылының тұрғындары ауызсуға зәру. Олар ондаған жыл бойына "құрттаған су ішуге мәжбүрміз" деп шағымданады. Ал су құбыры жүргізілмеген қала іргесіндегі сегіз ауылда 70 мыңнан аса адам тұрады.
Шымкент қаласындағы Ақжар ауылының тұрғындары "құрттаған суды ішуге мәжбүрміз" дейді. Жергілікті билік Ақжардан бөлек тағы 7 ауылда ауызсу жоқ екенін айтады. Шымкенттегі ауызсумен қамтылмаған ауылдарда жалпы саны 70 мың адам тұрады.
Тағы