Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Нұр-Сұлтаннан 25 шақырым жердегі Қаражар ауылының халқы құм қазатын кареьерлердің кесірінен жайылым тарылғанына шағынады. Құм қазушылар мен жерігілкті билік мал жаюға жер жетеді, алаңдауға негіз жоқ дейді.
Қазақстан 1-қыркүйектен бастап, дәстүрлі оқу әдісіне көшеді. Бұл туралы 11-тамызда өткен үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Ал коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылы онлайн оқыған балалардың ата-аналарының офлайн білім алуға қатысты пікірі қандай? Вирустан а
Қазақстанда қарттардың зейнетақысы күнкөрісіне жете ме? Азық-түлік пен дәрі-дәрмектің қымбаттауына қатысты нұрсұлтандық зейнеткерлер не дейді? Азаттық тілшілері зейнеткерлермен тілдесіп, олардың тұрмыс-тіршілігін көріп қайтты.
Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылының тұрғындары іргедегі шошқа фермасын көшіруді талап етіп, тағы наразылыққа шықты. Мешіт түбінде басталған шара кейін ферманың жанында жалғасты. Наразылыққа елу шақты тұрғын қатысты. Халыққа басу айтып келген облыс және аудан басшылығы ай соңына дейін қожалық
Нұр-Сұлтандық 73 жастағы зейнеткер 26 жастағы мүгедек баласын бағып отыр. Қожахметовтер отбасы астананың шетіндегі апатты жағдайдағы баспанада тұрады. Зейнетақысы мен жәрдемақысын дәрі-дәрмекке жұмсайтын олар әкімдіктің және еріктілердің қолына қарайды.
Қырғызстан экс-президенті Асқар Ақаев он алты жылдан соң Бішкекке келді. ҰҚМК оның тергеу шарасы үшін жеткізілгенін хабарлады. Ақаев Бішкекте бір апта болып, "Құмтөр" алтын кенішіндегі жемқорлық ісі жайлы тергеуге жауап беремін деді.
Алматыда танымал режиссер, оппозиция қайраткері Болат Атабаев 69 жасында дүниеден өтті. Ол түрлі оппозициялық ұйымдарды қолдағаны үшін қуғындалған. 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасынан кейін "әлеуметтік араздық қоздыру" бабы бойынша қамалған.
Қазақстанның кей аймақтарын қуаңшылық қысып тұр. Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында жем-шөп қат болып, мал аштан қырылды. Бұрынғы ауылшаруашылығы министрі, қазіргі ет одағының төрағасы Асылжан Мамытбеков мал азығының қорын жинамай, мал шығыны арта береді дейді.
Жаңаөзенде "КЕЗБИ" компаниясының 600-ден астам жұмысшысы екі күннен бері жұмысты тоқтатып, ереуілдеп жатыр. Олар еңбек жағдайын жақсартуды, жалақыны көтеруді, өздері құрған кәсіподақ белсенділерін қудаламауды талап етеді.
Нұр-Сұлтанда жеңіл рельсті транспорт, қоғамда "жемқорлық символы" атанып кеткен LRT құрылысы қайта басталды
Қазақстанда оппозициялық топтардың халықты 6 шілде күні митингіге шақырған тұста полиция бұған дейін түрлі наразылық акцияларына қатысып танылған белсенділерді ұстай бастады. Олардың бірін желідегі жазбасына, тағы бірнешеуін екі апта бұрын өткен акцияға байланысты соттап, 15-20 күнге қамаған.
26 маусым - түрмеде азап көргендерді қолдау күні. Қазақстан құқық қорғаушылары абақтыда отырғандарды жиі азапталатынын, бірақ жәбір көрсеткендердің жауапқа тартылмайтынын айтады. Ал билік 2020 жылы түрмеде ешкім азап көрмеді деп мәлімдеген.
Қазақстанда індетке байланысты карантин талаптары күшейіп, екпеге кезек көбейді. Нұр-Сұлтанда бұған дейін адам аз көрінген вакцина салу орталықтарында кешеден бері қарбалас.
Нұр-Сұлтанда Қазақстанның әр өңірінен келіп, сот шешімдеріне наразылық білдіріп жүргендердің акциясы әлі жалғасып жатыр. Олар үш күннен бері депутаттардың келуін талап етіп жүр.
Елде коронавирустың "үндістандық штамына" ұқсас мутацияға ұшыраған түрі анықталған соң үкімет карантин шектеулерін қайта көбейте бастады. Денсаулық сақтау министрлігі мәліметше, бұл штаммтез жұғады әрі ауыр өтеді. Билік те, сарапшылар да вирусқа қарсы тұрудың амалы тек вакцина егу екенін айтады.
Қазақстанда былтыр пандемия өршіген тұста дәрі-дәрмек тапшылығының байқалуы, биыл азық-түліктің күрт қымбаттауы сияқты түрлі оқиғаларға байланысты ел ішінде "премьер-министр Асқар Мамин бастаған үкімет отставкаға кетуі керек" дейтін пікір жиі айтылып жүр. Бұған министрлердің өзі не дейді?
Нұр-Сұлтанда ұзақ жылдан бері құрылысы толық аяқталмай келе жатқан "Абу-Даби Плаза" кешенінің жұмысшылары екі айдан бері айлық түспеді деп тағы нарызылық білдірді. Араб компаниясы ақша шетелден кешігіп келгенін және жалақыны түгел бере алмайтынын айтты.
Қазақстанда құрылыс материалдары қымбаттап жатыр. Мұны сатушылар да, үй салып жатқан тұрғындар да айтып отыр. Биліктің уәжі – қымбатшылық бүкіл әлемде бар.
31 мамыр Қазақстанда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 20 ғасырда Cовет одағы қолдан істеген аштық пен Сталиннің репрессиясы кесірінен миллиондаған қазақ қырылды, қуғындалды, жер аударды.
Павлодар өңіріндегі әкімдер тартысы Ақсу қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовті жұмыстан шығарумен аяқталды. Бұған 19 мамырда өткен әдеп комиссиясының шешімі негіз болған. Енді экс-әкім Нұржан Әшімбетов не істемек? Дауға не түрткі болды? Астарында не бар? Азаттық тілшісі Павлодарда болып қайтты.
Тағы