Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.
Ресей қалаларында қарашаның 4-і – Халық бірлігі күні «Орыс маршы» деп аталатын шерулер өтті. Мәскеудің өзінде ғана ұлтшылдардың бірнеше шеруі болды.
1 қарашада Минскіде Ресей саясаткері Геннадий Зюганов басқаратын коммунистік партиялар одағы – Совет одағы коммунистік партиясының 35-съезі басталады. Беларусь елінде съез өткізуге қарсылар көп.
«Одноклассники» деген танымал әлеуметтік желіде жас жігіттерді «жиһадқа» шақырған хабарламалар тарады. Ондай парақшалар жабылып жатыр.
Өзбек билігі «халықаралық бақылаушылар оқушыларға мәжбүрлеп мақта тергізуді растайтын дәлелдер таппады» деп хабарлады. Бірақ Азаттықтың Өзбек қызметіне басқандай шағымдар түсіп жатыр.
«Мұнай бағасы құлдырауы Қазақстанның экономикасына ғана емес, саяси жағдайына да теріс әсер етуі мүмкін» дейді сарапшылар. Әлемде мұнай бағасы маусымнан бері 20 пайызға жуық арзандады.
Сотталған Диас Ақшаловтың әке-шешесі «баламыз тергеу абақтысында өлетін шығар» деп уайымдайды. Олар «медициналық көмек уақтылы көрсетілмей, баламыз түрмеде бірнеше ауыр дертке шалдықты» дейді.
Тәжікстандықтар SMS жібере алмай қалды. Мұның алдында кейбір интернет-сайттар мен әлеуметтік желілер бұғатталған еді. Билік оппозиция шақырған шеруден қауіптенеді.
Қазанның 10-ы күні Армения мен Қырғызстан Еуразия одағына кіруі мүмкін. Арменияны одаққа Таулы Қарабақсыз қабылдау жоспарланған, ал Қырғызстан президенті Минскіге Бакиевке бола барғысы келмеген.
Қазақстандық құқық қорғаушылар мен белсенділер Женеваға адам құқығы туралы балама есеп әкелді. Олар Қазақстан билігінің бұл бағыттағы жұмысын сынайды. Ал Астана өзінің ресми есебін ұсынбақ.
ЕҚЫҰ жиыны аяқталар кезде Варшавада қазақстандық қатысушылар жергілікті құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған белсенділерді босатуға ықпал етуді сұрап халықаралық ұйымдарға арыз айтты.
ЕҚЫҰ-ның Варшавадағы жиынында Вадим Курамшиннің әйелі оның түрмедегі жағдайын айтып шағынды. Екі жыл бұрын бұл мінберден Курамшиннің өзі сөйлеген.
Әйелдер түрмеге көбінесе алаяқтық жасағаны және есірткі сатқаны үшін түседі. Олардың орташа жасы – 30-50 жас. Көбінің балалары бар. Қазақстан мен Қырғызстанда әйелдер қылмысын жарты жылдай зерттеген сарапшылар осындай қорытындыға келген.
24 қыркүйекте Астанадағы сот орындаушылары Бибіқадиша Бейсенованың Назарбаев университетінің маңындағы мемлекет мұқтаждығы үшін қайтарылған жерде тұрған үйін күреп тастады.
Шардараның төрт тұрғыны астаналық шенеуніктерге «түрмедегі күйеулеріміз бен ұлдарымыз азаптауға ұшырады» деп шағымданады.
Астанада тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету стандарты жобасы таныстырылды. Жоба авторлары мен белсенділер бюджеттен қаржы алудан үміттенеді.
Астанада өткен жиында Социалистік интернационал комитеті Украинаның оңтүстік-шығысына барынша көбірек автономия беруге шақырды. Жармахан Тұяқбай биліктің ұстанымын қолдап шықты.
Қарағандылық ерлі-зайыпты Астанада «5-округ» аталатын «мысық-кафе» ашты. Ол антикафе форматында жұмыс істейді. Әзірге мұнда екі мысық бар, дәмхана қожайындары мысықтарын көбейтетіндерін айтады.
Қазақ зағиптар қоғамының өкілдері президент Назарбаевтың атына жазған шағымдарын Ақорда алдындағы пошта жәшігіне салды.
Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік пен одақтастық шартын ратификациялау жайлы заң жобасы қазақ парламентіне түсті. Депутаттар Жириновский мен Ресейдің ойын «бөлек қарау» керегін де айтады.
Астана түбіндегі колонияның айып абақтысына қамалған тұтқын ішін тіліп тастады. Колония әкімшілігінің айтуынша, ол айып абақтысына (ШИЗО) міндетті жұмысты орындаудан бас тартқаны үшін қамалған.
Тағы