Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
28 қаңтарда съезі өтетін "Нұр Отанның" мүшелері партия ғимаратына кіре алмай әуре болды. Нұр-Сұлтандағы бас кеңсесінің есігі белгісіз себеппен тарс жабық. Азаттық тілшісімен сөйлескен депутаттар съезде партия атауын қайта қарауы мүмкін дейді.
Қызылорда қаласында 5 қаңтардағы дүрбелең кезінде полиция басқармасының жанында оқ тиіп, қаза тапқан тұрғынның мәйітін 24 қаңтарда полиция қабірден қазып алған. Марқұм Бекзат Пірзаданы туыстары жер қойнына 7 қаңтарда тапсырған.
Ақтөбеде митингіге қатысқандардың кейбірі тергеуде азап көргенін айтады. Кейбірі полицейлер "тоққа соғып, террорист қылмақ болды" десе, кейбірі "қабырғаға қаратып қойып таяқтады" дейді.
Қазақстанда айлықтың азы және ел байлығы санаулы адамдардың қолында екені ұзақ жылдан бері айтылып келеді. Оны Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болмай тұрып та талай естігеніне, білгеніне күмән жоқ. Неге сол кезде үндемеді? Неге енді ғана айтылып жатыр? Сарапшыдан сұрадық.
Нұр-Сұлтанда марафоншы Марат Жыланбаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың абыройын қорғау үшін арызданған "Ар-Бедел" қорының арасындағы сот отырысы өтті. Судья арызданушы тараптың Назарбаевты қорғауға заңды құзіреті жоқ деген.
Астанада бейбіт митингі кезінде арнайы жасақтан таяқ жеген белсенді екі апта төсек тартып жатыр. Іңкәр Тыныштыбаеваның айтуынша, жаппай наразылықта ол кеуде тұсынан ауыр соққы алған. Дәрігерлер қабырғасы майысқаннан өкпеге зақым келген депті.
Қазақстандағы қаңтар айының басындағы қанды оқиғадан соң экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары қызметтен шеттетіліп жатыр. Кейінгі үш күнде күйеу балалары мен немере інісі қызметтен кетті.
Полиция алматылық белсенді Дәурен Достияровты 4 қаңтарда ұстап әкеткен. Белсендінің айтуынша, тоғыз күн қамауда отырғанда әбден таяқ жеген.
Қазақстанды отыз жыл басқарған Нұрсұлтан Назарбаев елдегі қаңтардағы оқиғаларға байланысты ешқандай мәлімдеме жасамады. Оның қайда екені де белгісіз. Азаттық мәжіліс депутаттарынан «Назарбаев дәуірі аяқталды ма?» деп сұрады.
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтан хабар жоқ. Қайда екені белгісіз. Ақорда "мемлекеттік төңкеріс, террористік шабуыл" деп атаған соңғы оқиғаларға байланысты ол әлі күнге дейін ешқандай мәлімдеме жасамады.
Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Серік Әбдірахманов Азаттыққа Қазақстандағы төтенше жағдай туралы сұхбат берді. Экс-депутат тәртіпсіздікті Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған дейді. Ол сондай-ақ осы жағдайдан кейін саяси реформа қажетін айтады.
10 қаңтар Қазақстанда қаралы күн. Жұрт 5 қаңтар күні тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған марқұмдарды аза тұтып жатыр. Бірақ ресми қанша адамның қаза болғаны белгісіз. Бұған дейін билік марқұмдар санын 164 көрсеткенімен, 9 қаңтар бұл деректі "техникалық қате" деп атады.
Парламент мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы елде боп жатқан оқиғалардан сабақ алып, саяси реформа жасау керек деген пікірде. Ол 5 қаңтарда Алматыда болған тәртіпсіздіктерден соң Қазақстан саяси дағдарысқа ұшырау алдында тұр дейді.
Ақтаудың Ынтымақ алаңында тұрған наразы топ 5 қаңтарда да тараған жоқ. Демонстранттардың билікке талабы
Ақтөбеде екінші күн қатарынан жұрт наразылығы жалғасып жатыр. Наразылар облыс әкімдігіне басып кірмек болды. Күштік құрылымдар оларға қарсы көзден жас ағызатын газ бен шулы граната қолданды.
Қазақстанда билік өкілдері журналистерге ашыла бермейді. Тілшіге шенеуніктерден пікір сұрап, сұқбат алу өте қиын. Кейде әріптестеріміз нақты сұраққа жауап алу үшін министр, депутаттардың артынан қуып, жүгіруге мәжбүр.
2021 жылы Қазақстанда саяси, әлеуметтік наразылық жиі болды. Билік наразылыққа қатысқандарды әдеттегідей қамады, соттады. Құқық қорғаушылар дерегінше, жүздеген адам қуғындалды. Сондай-ақ, осы жылы «саяси тұтқындар» Макс Боқаев, Арон Атабек бостандыққа шықты. Алайда, Атабек көп ұзамай науқастан көз жұмды.
Қазақстан билігі 2021 жылы азаматтардың зейнетақы қордағы ақшасының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берді. Ол қаражатты тұрғындар үй алуға, емделуге жұмсады. Бірақ жыл соңына қарай үкімет алғаш белгілеген шартынан айнып қалды. Бұл мәселе қоғамның қарсылығын тудырды.
66 жастағы Райхан Шынтасова үш жарым жыл бұрын балалар үйінен сегіз қыз асырап алған. Үш түрлі отбасында туып, жетімдер үйіне түсіп, кейін бір шаңырақта табысқан қыздар тату-тәтті тұрып жатыр. Бірақ биыл Қазақстан билігі Райхан апаны қамқоршы мәртебесінен айырған, енді қыздарды отбасынан қайтарып алмақ.
Ресейдің Хакасия аймағында ұсталған Қазақстан азаматы Назгүл Кенжетай өзін адвокатымен байланыстырмай, алты күн бұрын соттап жібергенін айтты. Бұл ақпаратты адвокаты да растады. Қорғау тарабы депортация туралы шешімге шағым түсірмек.
Тағы