Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Парламент мәжілісінің жалпы отырысынан соң бір топ депутат залдан шыға берістегі буфетке кіріп кетті де, есікті құлыптап алды. Депутаттарға сұрақ қоймақ болған журналистер оларды сыртта күтті. Шамамен бір сағаттан соң депутаттар артқы есіктен қашып шығып кетті.
Нұр-Сұлтанда 16 желтоқсанда оппозиция митинг жоспарлаған аумақ қоршалды. Наразылық білдіруге келдік деген санаулы адам діттеген жерге жете алмады. Ал билік өкілдері тәуелсіздік мерекесін бір күн бұрын өздері ғана атап өтті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда мерекелік отшашу болып, қаладағы басты ту көтерілді. Бірақ шараға билік өкілдері қатыспады. Тіркелмеген «Ел тірегі» партиясы белсенділері Желтоқсан және Жаңаөзен құрбандарын еске алып, марқұмдар рухына құран бағыштады. Осы күні шетелде тұратын оппозициял
"Сүлеймен пайғамбар ұйғарымындай мықты шешім болды". Мәжіліс депутаты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың зейнетақы қорынан ақша алудың ескі тәртібін сәуір айына дейін созу туралы тапсырмасын осылай бағалады. Алайда қаржыгер мұны "популистік шешім" деп атайды.
Бір жарым ай бұрын журналистерге есігін ашқан Қазақстан үкіметінен ақпарат тарату әлі қиын. Жиынға қатысу үшін тілшілер алдын ала тіркелуі керек. Оның өзінде жазылып үлгерген санаулы БАҚ қана. Биліктің журналистерді әуре-сарсаңға салуын сарапшы "қолдан жасалған шектеу" дейді.
Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Азаттық радиосын "қазақты қан қақсатып отырсыңдар" деп айыптады. Бірақ сөзіне дәлел келтірмеді. Бұндай пікірге Ресейдің "шетел агенті" заңы әсер етуі мүмкін деген саясаттанушы тәуелсіз медиаға түрлі ат қойып, айдар тағу "автократ жүйеген тән әрекет" дейді.
Биліктегі "Нұр Отан" партиясының белді өкілі, мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан ақын, диссидент Арон Атабек пен Азаттық радиосын "елбұзар" деп айыптады.
31 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны Майра Нұрмұхамбетова әлеуметтік жоба аясында сұлулық салонына жолдама ұтып алды. Одан бөлек төрт балалы әйелге заңгер тегін консультация берді.
2022 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы қорындағы ақшаны алу шарты өзгереді. БЖЗҚ таратқан мәліметке сай, енді қорда қалуы тиіс міндетті қаражат мөлшері екі есеге ұлғаймақ. Шекті межені көтеру дұрыс па? Сенат депутаттарынан сұрадық.
Нұр-Сұлтанда 25 қарашаға қараған түні қалың қар жауып, қаладағы қозғалыс шектелді. Шағын көшелер тазартылып үлгермей, жұмысқа кешіккендер көп болды. Әуежай жұмысын уақытша тоқтатып, бірнеше рейс кейінге шегерілді. Гидромет орталығы бір күнде айлық жауын-шашын түскенін айтты.
Нұр-Сұлтандағы саяжайдың бірінде 34 жастағы Досхан Исмағұлов алты баласын жалғыз асырап отыр. Әйелі қайтыс болғанда кенже егіздері сегіз айлық еді. Ананың жоғын білдірмес үшін жалғызбасты әке барын салып жүр. Жұмыс істейді, бос уақытында таксилетіп қосымша табыс табады.
Нұр-Сұлтанда балаларға вакцина салуға қарсы екенін айтып ондаған адам наразылық білдірді. Олар ковидпен күреседі делінген екпелерге де, биліктің «екпені мәжбүрлемейміз» дегеніне де сенбейді. Журналист «екпеге қарсылардың көбі жалған ақпараттың жетегінде кетеді» десе, дәрігер індетті тоқтатудың жалғы
12 қарашада Ақмола облысының Степногорск қаласындағы олимпиада резервін дайындайтын арнайы спорт мектеп-интернатында оқушылардың бірін-бірі ұрып, ақша бопсалаған видеосы тарады. Оқиға 21 қазанда болған. Жергілікті билік видео желіге жарияланған соң ғана оқиғаға назар аударған.
Қазақстанда коронавирусқа қарсы егілетін Pfizer вакцинасы келді. Үкімет мұны 12 жастан асқан балаларға салуды көздеп отыр. АҚШ 5 жастан бастап егуге рұқсат еткен.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда орыс тілінде сөйлейтіндерге «ксенофобиялық көзқарас барын» айтты. «Российская газета» басылымында шыққан мақаласында ол бұны «сыртқы ақпараттық механизмнің әсері» деп білетінін жазады.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Российская газета" басылымына берген сұхбатында Қазақстанда орыс тілінде сөйлейтіндерге ксенофобиялық көзқарас бар деді. Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Лавровтың сөзіне өз пікірін айтты.
Қазақстанда ресейлік нөмірі бар көлік жүргізушілері бірнеше қалада наразылық білдірді. Арыз-шағымдарына қарағанда, соңғы күндері полиция оларды жаппай тексеріп, айыппұл салып, көліктерін алып кетіп жатыр. Бұны наразылар биліктің қарапайым халыққа көрсетіп отырған қысымы деп бағалайды.
Моңғолия астанасы Улан-Баторда лауазым атқарып жүрген Мұхит Жақсылықұлы 1991 жылы Қазақстанға көшіп келді. Бір өзі келмей, ондаған қазақ отбасын ертіп әкелді. Азаттық тілшісі Әсемгүл Мұхитқызы ол кезде 8 жаста болатын. Отыз жылдан кейін тілшіміз өткенін тергеп, көштің қалай болғанын баяндайды.
4 қараша күні әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтандағы кіші Талдыкөл маңында суыққа тоңып, қалжыраған екі қоқиқаздың видеосы тарады. Көлге барған құтқарушылар құстарды таппай қалды.
Кейінгі бірнеше айда Қазақстанда азық-түлік бағасы айтарлықтай қымбаттады. Күнбағыс майы, жұмыртқа, ет пен сүт, көкөніс бағасы былтырғымен салыстырғанда екі есе өскен.
Тағы