Ержан Азаттықтың Астана бөліміне 2015 жылғы қаңтарда телеоператор болып қосылды. "Ирбис-ТВ" мен КТК телеарналарында жұмыс істеген. Павлодар мемлекеттік университетін бітірген.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қазанда Қарағанды облысы Ұлытау ауданына барып, "Жошы хан" тарихи кешенін аралаған. Президенттің осы сапары "52 миллион теңгеге бағаланды" деген ақпарат тарады. Ақпаратты Азаттық тілшісі анықтап көрді.
Нұр-Сұлтанда несие амнистиясын талап етіп жүрген "Демпартия" белсенділері 19 қазанға қараған түні Ұлттық банк алдында қонып шықты. Белсенділердің несие кешіру талабы жайлы депутаттардан сұрадық.
Биыл жазда Нұр-Сұлтанда тұратын қыз-келіншектер WhatsApp желісінде "Дәстүрге оралу" деп аталатын чат ашқан. Сол топ астанада перформанс жасады.
Қазақстанның 6 депутаты Брюссельге барып, еуропарламент депутаттарымен кездесті. Бірақ ресми ақпарат аз немесе өте жұтаң. Нұр-Сұлтаннан барған делегатпен сөйлескенін айтқан батыс депутаты Қазақстанның адам құқығына жауапты шенеуніктеріне санкция салу туралы айтты.
12 қазан күні тіркелмеген "Қазақстанның демократиялық партиясының" он шақты өкілі Ұлттық банкке барып, халық алған несиеге амнистия жариялауды талап етті. Белсенділер қазақстандық банктер жұртты қарызға белшесінен батырды деп айыптады. Осыған орай, Азаттық тілшілері Нұр-Сұлтан тұрғындарына "Мемлекет несиені кешіргені дұрыс па?" деп сұрады.
Қазақстанда 17 қазаннан бастап коронавирусқа қарсы екпе салдырмағандарды жұмыс орындарына кіргізбейтін талап күшіне енбекші. Ел ішінде денсаулық сақтау министрлігінің бұл талабына қарсылар көп. Депутаттар не дейді?
Шыңжаңдағы туыстарының саяси қуғынға ұшырап, түрмеге қамалғанын айтып жүрген топ Нұр-Сұлтаннан Алматыға қайтты. Кетер алдында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне хат тапсырды және Қытай елшілігіне барып тағы да наразылық білдірді. "Жауап болмаса қалың киініп қайта келеміз" дейді.
Нұр-Сұлтан соты бір күн бұрын Қытай елшілігі алдында туыстарын қайтаруды талап етіп, ұсталған он адамның үшеуін айыппұл төлеуге міндеттеді. Тағы жеті адам сот шешімін күтіп отыр. Полиция кеше олардың бәрін "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұздың" деп ұстаған.
Қазақстанда оппозициялық топтар жоспарлаған митинг, шерулер алдында белсенділерді ұстау әдетке айналған. Алматының құзырлы органдары тіркелмеген “Демпартия” өкілдерінің 18 қыркүйекке белгілеген наразылық акциясы қарсаңында да осы әдеттен жаңылған жоқ.
14 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда бір топ суретші мен белсенді кіші Талдыкөлді қорғауға арналған "Шалқыма" деп аталатын перформанс өткізді. Ақ кимешекті 9 адам ақ мата ұстап, құрылыс салынып жатқан жерге барды. Экобелсенділер "ұясын қорғаған аққу бейнесінде" киіндік деп түсіндірді.
Қытай лагеріне қамалып, босаған соң Қазақстанға келген қазақ шетелде Қытайды сотқа бергелі жатқанын хабарлады. Редакцияға аты-жөні белгілі, алайда, қауіпсіздігі үшін бет-жүзін көрсетпеуді сұраған әйел адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымға шағымданып, олардан шақырту алғанын айтады.
Шымкенттің Қызылжар ықшамауданы тұрғындары спорт алаңының орнына емхана салуға қарсы. Олар алаңды қазуға келген құрылысшылардың жолын бөгемек болды. Бірақ арнайы жасақ көшелерді жауып тастады. Полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Маңғыстаудағы «West Oil» мен «Techno Trading» компаниясы жұмысшылары ереуілдетіп жатқалы екі аптадан асты. Олар жалақыны көбейтіп, сыйақы төлеуді сұрайды. Бірақ талаптары әлі орындалған жоқ. Екі компанияның жұмыс берушісі де ереуілшілер арызын заңсыз деп тануды сұрап, сотқа арызданған.
Ауғанстанда билікті басып алған "Талибан" қозғалысы жаңа үкімет құрамын жариялады. Қазақстанда бұл қозғалыс террористік ұйым деп танылған, қызметіне тыйым салынған. Енді Қазақстан билігі мен "Талибан" үкіметі арасындағы қарым-қатынас қалай өрбімек?
Суретшілер Асхат Ахмедияров пен Әйгерім Оспан белсенділермен бірігіп, Нұр-Сұлтандағы Кіші Талдыкөл маңында арт-перфоманс өткізді. Белсенділер Талдыкөлге топырақ төсеп, тұрғын үй салуға наразы. Ал әкімдік пен құрылыс компаниясы табиғатқа залал келмейтінін, керісінше, қала көркейетінін айтады.
Medsupportkz қоғамдық қорының өкілі қазақстандықтардың вакцинаға сенбеуінің себебін биліктегі бюрократия мен жемқорлықтан іздейді. Ол қоғамдағы жол, жемқорлық тәрізді түрлі проблеманы көзімен көріп отырған жұртшылық енді вакцина қажеттілгі туралы әңгімені құлағына да ілмейді деп санайды.
"Поколение" зейнеткерлер қозғалысының жетекшісі, ардагер белсенді Ирина Савостина 87 жасында өмірден өтті. Марқұмның жақтастары оны азаматтық қоғамның жарқын өкілі ретінде еске алады. Әсіресе қариялар үшін жасаған еңбегі зор.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы республикалық арналардан тікелей көрсетілгенмен, ол қатысқан жиынға БАҚ өкілдері кіре алмады. Су жаңа қорғаныс министрі журналистердің сұрағына жауап бермей, кетіп қалды.
Қазақстанда жаңа оқу жылы қалыпты жағдайда басталмақ. Білім министрлігінің дерегінше, елде 3 жарым миллионнан астам оқушы мектепке барады. Жаңа оқу жылына дайындық қалай? Ата-аналар неге алаңдайды?
Петропал қаласының тұрғыны, 61 жастағы зейнеткер Ирина Рейбант 31 күннен бері аштық акциясын өткізіп жатыр. Сөзінше, құзырлы орган қызметкерлері соққыға жыққан соң ұлы оңалмай, бірнеше айдан соң көз жұмған. Зейнеткер полицейлердің қылмыстық жауапқа тартылғанын қалайды.
Тағы